Президент АҚШ пен Жапония бағытына әуе рейсін ашуды тапсырды

720

Бұл мәселе биыл шешімін табуға тиіс.

Президент АҚШ пен Жапония бағытына әуе рейсін ашуды тапсырды

"Әуе тасымалдаушылары, бәлкім Air Astana болар, АҚШ пен Жапонияға әуе рейстерін ашу керек. Бұл үшін қандай көмек керектігін бағамдау қажет. Әуел баста бұл тиімсіз болуы мүмкін, бірақ, әуе рейстерін ашу керек. Ұшақтарды сатып алуға немесе қолда барын пайдалануға көмектесу қажет. Бұл мәселе биыл шешімін табуға тиіс", – деді үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев.

 Еске сала кетейік, Air Astana – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен британдық BAE Systems компаниясының бірлескен кәсіпорыны. Air Astana-ның 51 пайызы ұлттық әл-ауқат қорына, 49 пайызы британдық компанияға тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу