Президент "Ақылды қала" жобасын Қазақстанның барлық ірі қалаларына таратуды міндеттеді

158

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент "Ақылды қала" жобасын Қазақстанның барлық ірі қалаларына таратуды міндеттеді Фото: astana.citypass.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға арналған жиында Үкімет пен Астана әкімдігінің елордада "Ақылды қала" ауқымды жобасын жүзеге асыру бойынша нәтижелі жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Жобаны ресми түрде іске қосу желтоқсан айына жоспарланған.

Президент бұл тәжірибені Қазақстанның барлық ірі қалаларына таратуды міндеттеді.

Сонымен қатар, елімізде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту айрықша маңызға ие екенін ескере отырып, Үкіметті формализмнен аулақ болуға шақырды.

Мемлекет басшысы жасанды интеллект құралдарының экономиканың нақты секторына енгізілуі баяу жүріп жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Осы орайда Үкіметке жұмысты жедел қолға алуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу