Президент ақын, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтхожаны мерейтойымен құттықтады

256

Арнайы құттықтау жеделхатын жолдады.  

Президент ақын, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтхожаны мерейтойымен құттықтады Фото: adebiportal.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы жеделхатта ақын ғибратты ғұмырын ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытуға, қазақ поэзиясының өрісін кеңейтуге арнағанын атап өткен.

– Қазақтың дархан даласы мен тамыры терең тарихын, ұлтымыздың ынтымақ-бірлігі мен салт-дәстүрін өршіл де сыршыл өлеңдеріңізге арқау еттіңіз. Оқырман қауым жырларыңызды сүйсініп оқиды және өзіңізді "Қазақтың жыр Аққуы" деп ардақтайды. Алдағы уақытта да өнегелі өміріңізбен өскелең ұрпаққа үлгі болып, ел-жұрттың ортасында сый-құрметке бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін, – делінген құттықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу