Қасым-Жомарт Тоқаев Жағдаяттық басқару орталығының жұмысымен, жоғары оқу орнының цифрлық технологияны енгізу жөніндегі жетістіктерімен, сондай-ақ, бизнес-құзыреттілікті дамыту кластерімен танысты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы студенттік кампус аумағында орналасқан "Керемет" қызмет көрсету орталығын аралап көрді. Бұл орталық "бір терезе" қағидаты бойынша студенттер мен оқытушыларға 500-ден астам қызмет түрлерін ұсынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу