Президент: Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың "шекті бағасы" сақталуға тиіс

647

Президент "Continental Logistics" көлік-логистикалық орталығына барды.  

Президент: Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың "шекті бағасы" сақталуға тиіс

"Continental Logistics" көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмыстарымен таныстым. Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қор қалыптасуда",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде.

Мемлекет басшысы үкімет пен әкімдіктерге тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуді тапсырды.

"ТЖ кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың "шекті бағасы" сақталуға тиіс",– деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу