Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады

509

Алматы қаласында 9 айдағы экономикалық индикатор 105 пайызға жеткен.

Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады Фото: akorda.kz

Қала әкімі Ерболат Досаев Президентке экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндады.

Өңдеуші өнеркәсіп – өсімнің негізгі драйверіне айналды. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 22,1 пайызға артқан. Алматы жеке инвестициялар көлемі жөнінен (22,4 пайыз) өңірлер арасында бірінші орында. Қалада іскерлік белсенділік қалпына келді. Биылтоғыз айда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 37,2 пайызға артқан.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жүзеге асырылуы және 2030 жылға дейінгі ортамерзімді перспективалары, сонымен қатар дамудың бекітілген негізгі басымдықтарын ескере отырып, қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын әзірлеу барысы туралы баяндалды. Мемлекет басшысына инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары, мектептердегі орын тапшылығын төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар, бірыңғай бейнемониторинг жүйесін құру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Президент қаланың экономикасын одан әрі әртараптандыру және инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу