banner

Президент Алматыдағы Наурыз мейрамына қатысып жатыр

1206

Ол қаладағы білім, спорт және сауда нысандарын аралайды.  

Президент Алматыдағы Наурыз мейрамына қатысып жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Наурыз мейрамына қатысып, қазақстандықтарды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды, деп хабарлайды  inbusiness.kz

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы қаласының "Астана" алаңында өтетін мерекелік іс-шараға қатысып, барша Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды. Наурыз мейрамына арналған іс-шара республикалық телеарналардан сағат 10:45-те тікелей эфирде көрсетіледі", – деп жазылған Bort_01 Telegram-каналында.

Сонымен қатар Президент қаладағы ғылым, білім, спорт және сауда нысандарына барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу