Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына келді, деп жазады баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-та.
"Президент — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған", – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу