Президент Алматыда ағаштардың оталғанына қатысты пікір білдірді

436

Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды. Бұл туралы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

Президент Алматыда ағаштардың оталғанына қатысты пікір білдірді

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды. Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын", – деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетсек, 23 қараша түнгі сағат төрт шамасында Алматыдағы Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысында көп жылдан бері өсіп тұрған 10-нан астам ағаш кесіліп, бұл жайт желіде қызу талқыға түскен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу