"Президент бүгін "Жаңа Алматы" бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, Балалар үйінің тәбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады",– деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев "Tech Garden" инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен таныспақ.
"Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығында болады. Жұмыс сапарының екінші күнінде Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді",– делінген хабарламада.