Президент Алматыда биыл сейсмикалық аудит жүргізуді тапсырды

495

Ерболат Досаев Мемлекет басшысына Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді.  

Президент Алматыда биыл сейсмикалық аудит жүргізуді тапсырды Фото: akorda.kz

Биыл қаңтар айында қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы инвестициялық және іскерлік белсенділіктің өсуі  есебінен 136,7 пайызға дейін артты, деп жазады inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 21,9 пайызға ұлғайды. Экономиканың даму қарқынын сауда, көлік және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы өсім қамтамасыз етті.

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеудің негізгі тәсілдері жөнінде баяндады. Оны дайындау барысында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 қарашада Алматы жұртшылығымен кездесуінде айтқан тапсырмалары ескерілген.

Президент қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылған шаралар мен биылғы екінші жартыжылдықта сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады. Бұл шаһардағы нысандардың құжаттарын жаңартуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу