Президент Алматыдағы алма бақтарына шабуылға қатысты пікір білдірді

1286

Ол үкіметке кесілген бір ағаштың орнына отырғызылатын ағаш санын 80-ге көбейтуді тапсырды.

Президент Алматыдағы алма бақтарына шабуылға қатысты пікір білдірді

Қасым –Жомарт Тоқаев Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған отырыста алма бақтарына қатысты мәселені ерекше бақылауға алуды бұйырды.

"Бұл – айуандық. Мұндайға жол берілмеуі керек және осындай әрекетке барғандар жазалануы қажет. Бұл мемлекеттік органдардың салғырттығынан болып отыр. Бұл ерекше бақылауға алынуы тиіс мәселе", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым –Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қорғаудағы аймақтарды пайдалануды тәртіпке келтіру керек.

"Әкімдік қаламыздың өзіндік символына айналған Алматы апорты мен  Ботаникалық бақты қалпына келтіру жұмыстарын жандандыруы тиіс",– деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ол үкіметке кесілген бір ағаштың орнына отырғызылатын ағаш санын 80-ге  көбейтуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласы полиция департаменті шаһардағы жеке алма бақтарын шауып тастау фактілеріне байланысты тергеу жұмыстары басталғанын хабарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу