Президент "Алтын сапа" жеңімпаздарына халықаралық конкурстарда бақ сынауды ұсынды

793

"Конкурс талаптарын жаңарту қажет".  

Президент "Алтын сапа" жеңімпаздарына халықаралық  конкурстарда бақ сынауды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпорындар арасындағы "Алтын сапа" конкурсының шартын халықаралық талаптарға сәйкетіндіру керектігін айтты.

 "Уақыт бір орнында тұрмайды. Әлем, экономика, технологиялық құрылымдар жылдам өзгеруде. Конкурстың талаптары жаңартылып, кәсіпкерлерімізді өз жұмыстарын үнемі жетілдіріп отыруға ынталандыруы керек. Бұл жаһандық "цифрлық әлем" және Төртінші өнеркәсіптік революцияның технологияларын қарқынды енгізу жағдайында аса маңызды. Үкімет пен Ұлттық палата жеңімпаз кәсіпорындарға қосымша қолдау көрсету тетіктері туралы ойлануы керек. Бұл бизнесті Конкурсқа көп қатысу үшін ынталандырады және  еліміздегі сапа менеджментінің тұжырымдамасын ілгерілетуге ықпал етеді", – деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы конкурс жеңімпаздарын осындай шетелдік конкурстарға қатыстыруға және оларға қолдау көрсетуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында "Алтын сапа" конкурсына қатысқан барлық бизнес өкілдеріне алғыс білдірді.

Биыл "Үздік индустриялық жоба" номинациясы бойынша Алматы қаласындағы "КЕЛЕТ" акционерлік қоғамы жеңімпаз атанды.  Ал, "Үздік инновациялық жоба" жүлдесіне "KSP steel" ЖШС-ның Павлодардағы филиалы ие болды. Жеңімпаздардың сыйлықтарын Президенттің атынан Премьер-Министр Асқар Мамин тапсырды.

Есжан Ботақара

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу