Президент Алжир мен Тунис елшісін тағайындады

733

Бұл қызметті Мысыр елшісі атқаратын болды. 

Президент Алжир мен Тунис елшісін тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Лама Шарифті Алжир мен Тунистегі елші қызметіне бір мезгілде тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады inbusiness.kz Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу