Ем алып жатқан балалар оқудан қол үзіп қалмауы үшін "Ақылды сынып" ұйымдастырылған. Мұнда мектеп бағдарламасына сәйкес математика, тарих және басқа да пәндер оқытылады.
Президент республиканың әр өңірінен келіп, ем алып жатқан балалармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы жеткіншектердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Президентке балалар бөлімшелерінде 351 бала ем алып жатқаны туралы баяндалды. Биыл бұл жерде 18 мыңға жуық бала емделген.
Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына сыйлық үлестірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу