Президент Анар Жайылғановаға бірқатар тапсырма берді

789

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.  

Президент Анар Жайылғановаға бірқатар тапсырма берді

Президентке мемлекеттік қызметті одан әрі дамытуға бағытталған кешенді шаралардың жүзеге асырылуы жайында жан-жақты есеп берілді.

Мемлекет басшысына мемлекеттік қызметшілердің санын қысқартуға, факторлы-баллдық шкала енгізуге қатысты жұмыстардың барысы туралы баяндалды. Агенттік төрағасының айтуынша, ФБШ-ға көшу жөніндегі пилоттық жобаға жасалған талдау мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттырып, кадр тұрақтылығына оң динамика берген. Атап айтқанда, ФБШ енгізілгелі бері бір бос орынға үміткерлер саны орташа есеппен 2,6 есеге өскен. Мемлекет басшысы факторлы-баллдық шкала енгізуге функционалдық талдау жұмыстарын жалғастыру қажет екенін айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз білім алу жүйесі мен келісім-шарт бойынша қызметке алу институтын енгізу жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында кадрлық процестерді цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Осы ретте Анар Жайылғанова цифрлық шешімдерді жүзеге асыру қағаз құжат айналымынан толық арылуға, күнделікті өнбейтін жұмыстарды 53 пайызға азайтуға, құжаттар санын 83 пайызға төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты. Президент мемлекеттік қызмет жүйесін цифрландыруды одан әрі жалғастыра берудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Агенттік төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу