Президент әнші Тамара Асарға "Халық әртісі" атағын берді

548

Танымал әртіс, өнер майталманы Болат Әбділманов та осындай атаққа ие болды.    

Президент әнші Тамара Асарға "Халық әртісі" атағын берді Фото: akorda.kz

Бүгін Ақордада Республика күніне орай салтанатты жиын өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі саланың адамдарын әртүрлі деңгейдегі ордендермен марапаттап, бірқатарына жаңа атақ берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент бірнеше этно-мәдени орталықтың өкіліне "Ел бірлігі" орденін табыстаса, мәдениет саласына еңбегі сіңген адамдарға "Қазақстанның халық әртісі" атағын берді.

"Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз. Руханиятымызға ерекше еңбек сіңіргені үшін белгілі өнер майталмандары – Болат Әбділманов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова "Қазақстанның халық әртісі" атағына лайық деп танылды", – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев, Зарина Алтынбаева және Әйгерім Алтынбек "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу