Президент араласқаннан кейін бас дәрігер босатылды

1328

Тезекбаевқа қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат беру түріндегі жаңа бұлтартпау шарасы қабылданды.

Президент араласқаннан кейін бас дәрігер босатылды

Алматы қаласы №4 ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаев ешқайда кетпеу туралы қолхат арқылы босатылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысына сәйкес, Асқар Тұңғышбаев (Алматы қаласы №4 қалалық клиникалық ауруханасының анестезиологы) пен Қанат Тезекбаевқа (Алматы қаласы №4 мемлекеттік клиникалық ауруханасының бас дәрігері) қатысты екі ай мерзімінде қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы санкцияланды. Оларға ҚР ҚК 317 бабы 3 бөлімінде (медицина және фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауының салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) қарастырылған қылмысты жасады деп күдік келтіріліп отыр.

Сондай-ақ, ҚР Президенті 2 айға сотталған дәрігерлердің ісін заң тәртібіне сай шешуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу