Президент Арыста азаматтық жасағандарды марапаттады

1139

Мемлекет басшысы әр адамның оқыс оқиға кезіндегі батылдығын атап өтті. 

Президент Арыста азаматтық жасағандарды марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласының тұрғындарын көшіріп, оқ-дәрі жарылыстарының салдарын жоюға қатысқан әскери қызметшілер мен құтқарушыларға наградалар тапсырды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

"Арыс қаласындағы қайғылы оқиға жергілікті мыңдаған отбасына ауыр тиді. Жүздеген оқ-дәрілердің жарылуынан ғимараттар мен тұрғын үйлердің 90%-ы зақымдалды. Біздің әскери және құқық қорғау органдары қызметкерлері жедел және батыл іс-әрекеттерінің арқасында халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру жұмыстарын алғашқы минуттан бастады", – деді президент елорда да өткен салтанатты жиында.

Мемлекет басшысы әр адамның оқыс оқиға кезіндегі батылдығын атап өтті.

"Мысалы, осы залда аға сержант Нұржан Бақтыбаев отыр. Өрт салдарын жою кезіндегі оның батылдығы мен табандылығы адамдарды құрбан болудан сақтап қалды. Біз осындай ондаған оқиғаларды білеміз. Әрбір азамат батырлық, төзімділік, батылдық танытты. Жаттықтырушы-оқытушы Евгений Хисметов Арыс қаласына өзінің еркі бойынша Қарағанды облысынан барған. Гуманитарлық көмекті таратудан бастап құрылыс жұмыстарына дейін түрлі учаскелерде еңбек еткен ол өзге еріктілермен бірге қаланы қалпына келтіруге үлес қосты. Жалпы қайғылы оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Біз қираған Арыс қаласын бүкіл ел болып қалпына келтірдік", – деп еске салды ол.

24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан N44856 әскери бөлімінің қоймаларында өрт салдарынан оқ-дәрілердің детонациясы орын алды. ТЖ салдарынан үш адам қаза тауып, 400-ден астам адам медициналық көмекке жүгінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу