Президент әскери қызмет және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуге қол қойды

1066

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Президент әскери қызмет және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуге қол қойды

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Осыған дейін айтылғандай, бұл құжаттың мақсаты – арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсарту, оларға және олардың отбасы мүшелеріне тұрғын үйге құқықтарын жүзеге асыруда тең мүмкіндіктер орнату, әскери қызмет туралы заңнамадағы қайшылықтар мен олқылықтарды жою.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу