Президент "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады

579

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.  

Президент "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығының инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерді дамыту,  еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ АХҚО-ның жаңарған даму стратегиясы аясында негізгі бизнес-серіктестермен өзара байланыс жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа орнықты қаржыландыру құралдарының аясын одан әрі кеңейту және еліміздің көмірсутегі бейтараптығына жету мақсатын қаржыландыруды жүзеге асырудағы Орталықтың рөлі жөнінде баяндалды.

Тоқаев шетелден инвестиция тарту үшін қажетті инфрақұрылым құрып, жағдай жасауда, сондай-ақ қор нарығы мен ел экономикасын дамытуда АХҚО-ның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Президент Орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді маңызды инфрақұрылым жобаларына ауқымды инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау керек екеніне назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу