Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Team балалар хоккей командасын cенсациялық жетістігімен құттықтады

169

Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың жетістігі отандық спорттағы айтулы оқиға екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Team балалар хоккей командасын cенсациялық жетістігімен құттықтады Фото: gov.kz

Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді.

Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу