Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

246

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Президент митрополит Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу