Президент "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады

597

Мемлекет басшысына отандық кәсіпкерліктің мәселелерін шешу жөніндегі Палатаның қызметі туралы мәлімет берілді.

Президент "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына шағын және орта бизнесті дамыту тәсілдерін жетілдіру, отандық кәсіпкерліктің мәселелерін шешу жөніндегі Палатаның қызметі туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарына ерекше назар аударылды. Райымбек Баталов шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеудің маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бағдарламада отандық инвестицияны ынталандыру үшін орта бизнесті дамытуға баса мән берілуі қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық шешімдер қабылдау барысында бизнестің ұстанымын ескеру маңызды екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу