Президент атынан мұнай саласының ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

164

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да кәсіби мереке – мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай сала ардагерлеріне және ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанаты өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент атынан мұнай саласының ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді Фото: ҚазМұнайГаз

Іс-шарада ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстанның мұнай-газ секторының қалыптасуына еңбек сіңірген ардагерлерге ілтипатын білдірді. Ол саладағы бүгінгі жетістіктер аға буын салып кеткен сара жолдың жалғасы екенін атап өтті.

ҚМГ компаниялар тобының мыңдаған қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен ауызбіршілігінің арқасында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі нығайып келеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен табыс етілген мемлекеттік наградалар бұл ұзақ жылғы адал еңбекке берілген лайықты жоғары баға, деді Асхат Хасенов.

Атап айтқанда, "Парасат" орденімен Өтеев Есен Оғланұлы марапатталды.

"Құрмет" орденінің иегерлері:

  • Әліпбаев Саятай Сейдалыұлы ҚМГ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің директоры;
  • Мұхитов Қайрат Болатұлы "KMG-Security" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары;
  • Меңдібаев Ерболат Танашұлы ҚМГ тасымалдау және логистика департаментінің директоры;
  • Әшімов Дамир Ағыланұлы "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС бас директоры;
  • Мұсаев Дәулет Жұмабайұлы ҚМГ газды дайындау және өңдеу басқармасының бастығы.

"Еңбек Даңқы" ІІІ дәрежелі ордені:

  • Мұқанбетқалиев Сабырғали "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС еңбек ардагері;
  • Байжанов Ілесбек Сейітұлы "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС еңбек ардагері;
  • Жақсыбаев Абдурахман Аббасұлы "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС еңбек ардагері;
  • Ордиев Берік Шахзадаұлы "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС еңбек ардагері;
  • Мырхайдаров Мұхтар Бахадүрұлы "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС №1 технологиялық цехының механигіне табысталды.

"Ерен еңбегі үшін" медалінің иегерлері:

  • Мырзағалиева Жансая Сайлауқызы "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС геология департаментінің директоры;
  • Нұрашов Мирас Жақсылықұлы "Қазгермұнай" БК" ЖШС мұнай және газ өндіру департаменті газды дайындау және тасымалдау цехының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы;
  • Максимов Сергей Александрович "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС еңбек ардагері;
  • Өтеулиев Сенбек Ташкенбайұлы "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС еңбек ардагері;
  • Мартынов Владимир Вячеславович "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС еңбек ардагері.

Жалпы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін ҚМГ компаниялар тобының 61 еңбек ардагері мен қызметкері мемлекеттік наградаларға ие болды.

Сонымен қатар салтанатты іс-шара барысында ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық медалі, "KAZENERGY" медалі, ҚР Энергетика министрлігінің "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері" төсбелгісі, ҚМГ естелік белгісі, ҚазМұнайГаздың "Еңбек сіңірген мұнайшы", "Үздік мұнай өңдеуші" және "Үздік мұнайшы" төсбелгілері, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің, "Самұрық-Қазына" АҚ және ҚМГ-ның құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу