Президент Атырау облысының әкіміне қандай тапсырма берді

973

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовқа өңірдегі дәрігерлер мен дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Президент Атырау облысының әкіміне қандай тапсырма берді

Президенттің айтуынша, облыстағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түсуде. 

 

"Осыған байланысты аймақтың ерекшелігін ескеріп, кадр мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Өңірдегі кәсіпорындарда апта сайын індет өршуде. Облыс әкіміне ірі кәсіпорындардың басшыларымен бірлесіп, індеттің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте.

Сондай-ақ ол соңғы айда өңірде коронавирус жұқтырған науқастардың саны 2 есе өскенін атап өтті.

"Алайда медициналық мекемелерде әлі де қажет дәрі-дәрмектер мен жабдықтар жетіспейтіні анықталды. Мұндай жағдай өлім дерегінің күрт өсуіне ықпал етуі мүмкін. Білікті мамандардың жетіспеушілігіне байланысты жағдай күрделеніп отыр. Облыста 207 дәрігер жетіспейді. Ал ауылдарға 52 дәрігер қажет", - деді Президент.

Мемлекет басшысы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовқа ауруханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін жеке бақылауға алуды тапсырды.

"Анестезиология және реанимация бөлімшелерін толығымен жабдықтауды және дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесін шешуді тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу