Тоқаев: Біз мұнай-газ химиясы саласында артта қалып отырмыз

718

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңес барысында Үкімет пен "Самұрық-Қазына" Ұлттық қорына Атырау облысында полипропилен және полиэтилен өндіру жөніндегі жобаларды іске асыруды жеделдетуді тапсырды, деп хабарлады inbusiness.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев: Біз мұнай-газ химиясы саласында артта қалып отырмыз Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының айтуынша, "облыс экономикасын дамыту бойынша мұнай-газ химиясына үлкен үміт артылған".

"Бұл салада біз артта қалып отырмыз. Ал бұл – өңірдің және бүкіл елдің болашақ экономикасының негізі", - деді Тоқаев бейсенбі күнгі кеңесте.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері баспасөз қызметі таратқан хабарламада келтірілген.

Сонымен қатар, ол "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы-экономикалық аймағының (АЭА) тиімділігі көптеген сұрақтар тудыратынын атап өтті. АЭА инфрақұрылымының құрылысы аяқталған жоқ. 2015 жылдан бастап АЭА дамытуға 162 млрд теңге бөлінсе де (ағымдағы бағам - 432,01/$1), бір ғана жоба іске қосылған.

"Полипропилен мен полиэтилен өндіру бойынша ірі жобалар әлі іске асырылған жоқ. Өйткені инвесторлар табылмады және өткізу нарықтары анықталған жоқ. Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қоры осы жобаларды іске асыруды жеделдетуге тиіс", - деді Президент.

"Алмасадам Майданұлы, сізден мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды қор жұмысындағы басым бағыт ретінде қарауды сұраймын. Осы бағыттағы барлық жұмысты ерекше бақылауға алыңыз", - деді ол "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Сатқалиевке. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу