Президент ауруханадағы орын тапшылығын шешуге уәде берді

732

Мемлекет басшысы қауіпті індеттен көз жұмған науқастардың отбасына көңіл айтып, қазақстандықтарды барынша сақтануға шақырды.

Президент ауруханадағы орын тапшылығын шешуге уәде берді Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауруханадағы орын тапшылығын шешуге уәде берді. Бұл  туралы бүгін онлайн форматта өткен "Біз Біргеміз" форумында мәлімдеді, деп хабарлады Atameken Business.

Мемлекет басшысы ақ халаттылар мәселесіне де тоқталды. Коронавируспен күресте қорғаныш құралдарының жетіспеуі алдағы уақытта шешілетінін жеткізді. Ол үшін Үкіметке арнайы тапсырма жүктеліп, жауапты органдарға шұғыл түрде әрекет жасау міндеттелген.

Сондай-ақ, жиын барысында Мемлекет басшысы қауіпті індеттен көз жұмған науқастардың отбасына көңіл айтып, қазақстандықтарды барынша сақтануға шақырды.

Сондай-ақ, ауқымды шара барысында коронавирусқа қарсы күресте аянбай еңбек еткен 343 қазақстандыққа "Халық Алғысы" медалі табысталды. Жаңа мемлекеттік наградаға республика бойынша 60 дәрігер, 39 тәртіп сақшысы және 41 волонтер ие болды. Сондай-ақ, Мәдениет және білім мамандары да елеусіз қалмады. 25 БАҚ өкіліне де арнайы марапат берілді.

Айта кетейік, жұқпалы дерттің алдын алуға 150 мыңға жуық маман жұмылдырылған. Ал көмек ретінде құрылған "Біз Біргеміз" қорына 2 мың меценат 100 млрд теңге жинаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу