"Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстары бар арнайы баяндама ұсынылды. Ұлттық кеңестің реформаларды ұсынып қана қоймай, оларды жан-жақты талдап, қажетті түзетулер енгізуі маңызды. Кейбір толықтыруларға бөлек тоқталғым келеді. Кеңес мүшелері Александр Данилов, Гүлмира Илиеова, Марат Шибұтов арнайы орта білімі бар азаматтарға ауыл әкімдері лауазымына ұсынылуға мүмкіндік беретін норманы бекітуді ұсынды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пікірінше, мұндай жаңашылдық жергілікті деңгейде таңдау бәсекелестігін күшейтеді. Ауылдарда халықтың сеніміне ие, бірақ қазіргі білім беру цензінен өтпейтін көптеген құзыретті, тәжірибелі, белсенді адамдар бар.
"Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әкімдікке үміткерлер үшін, әсіресе өзін-өзі ұсынуылар үшін үгіт-насихат компаниясының кезеңін ұлғайту өзекті болып табылады. Осыған байланысты оның мерзімдерін түзету мүмкіндігін қарастырған жөн. Сонымен қатар сайлау науқандарын қаржыландыру кезінде сараланған тәсілді қолдану ұсынылады. Егер солтүстік өңірлердің халық аз қоныстанған ауылдарында қазіргі қаражат көлемі үгіт-насихат шығындарын жабуға жеткілікті болса, онда халықтың тығыздығы жоғары оңтүстікте бұл жеткіліксіз", – деді Мемлекет басшысы.
"Аталған ұсыныстар ауыл әкімдерін сайлау тетіктерін жақсартуға бағытталған деп есептеймін. Сондықтан оларды егжей-тегжейлі зерттеу керек. Президент әкімшілігіне нақты ұсыныстар әзірлеп, енгізуді тапсырамын", – деп түйіндеді Қ. Тоқаев.
Оның айтуынша, биыл елімізде 800-ден астам ауыл әкімі сайланды. Осы сайлаудың нәтижесінде құрам "жартылай жаңартылды". Партиялардың белсенділігі, өзін-өзі ұсынғандардың көп болуы және сайлаушылардың жоғары қатысуы осы реформаның "дәл уақытында, қажет кезінде" жасалғанын көрсетеді.