Кеңеске Президент Әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты. Жиында "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Президент құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша жұмыс істеген Конституциялық комиссия қызметінің қорытындылары туралы мәлімет берді.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктелді.