Президент. Азық-түлік бағасын ауыздықтай алмаған басшылар қызметінен кетеді

1732

Ал әлеуметтік маңызға ие азық-түлік бағасының қымбаттауы күн тәртібіндегі нөмірі бірінші меселе.  

Президент. Азық-түлік бағасын ауыздықтай алмаған басшылар қызметінен кетеді

Өйткені оның көрсеткіші инфляцияны басып озған. Кей тауарлардың құны тіпті екі есеге шарықтаған, деп хабарлайды Atameken Business.
Мәселен, астықтың астанасы саналатын Көкшетауда ұнның бағасы максималды көрсеткішке жетіп, 47 пайызға қымбаттапты. Мәселені шешуде тұрақтандыру қоры да қауқарсыз қалып отыр. Мемлекет басшысы бағаны бетімен жіберген үкімет пен жергілікті жердегі шенеуніктердің жұмысын қатаң сынға алды. Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түліктің қымбаттауы тұрғындардың шынайы кірісін арттыру мен тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған барлық жұмысты жоққа шығарып жатқанын айтты. Ал, қымбатшылықты әдеттегідей валюта бағамының өзгеруі және маусымдық қиындықтармен байланыстыратын министрліктің есебі құрғақ дерек деді Президент. Сол себепті премьер-министрге бағаны ауыздықтау жайындағы мемлекет басшысының тапсырмасын орындамаған немесе орындауға шамасы жетпеген жауапты тұлғаларды әкімшілік жазаға тартуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу