Президент БАӘ-нің Zayed Sustainability Prize сыйлығын колумбиялық мектепке табыстады

431

Биыл сыйлыққа 152 елден 4 538 өтінім түсіп, оның үздік 30 жобасы финалға өткен. 

Президент БАӘ-нің Zayed Sustainability Prize сыйлығын колумбиялық мектепке табыстады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммиті аясында Global High Schools номинациясы бойынша (Америка аймағы) Zayed Sustainability Prize сыйлығын колумбиялық Fundacion Bios Terrae - ICAM Ubate мектебіне табыстады, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Zayed Sustainability Prize – тұрақты даму саласындағы орасан зор жетістігі үшін берілетін БАӘ-нің жаһандық сыйлығы.

"Бұл марапат БАӘ Тұңғыш Президенті марқұм шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның гуманитарлық мұрасына құрмет белгісі ретінде 2008 жылы өткен "Болашақтың энергиясы" әлемдік саммитінде тағайындалды. Аталған сыйлық денсаулық сақтау, азық-түлік, энергетика, суды үнемді пайдалану секілді санаттар бойынша тұрақты даму саласындағы тиімді және инновациялық шешімдері үшін коммерциялық емес ұйымдарға, шағын және орта кәсіпорындарға және орта мектептерге беріледі", - делінген хабарламада.

Осы уақытқа дейін әлем бойынша 96 адам Zayed Sustainability Prize марапатының иегері атанған. Сыйлықтың ақшалай жүлдесі – 3 миллион АҚШ доллар.

Еске салайық, осыған дейін Мемлекет басшысы "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитінің ашылу рәсіміне қатысқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу