Президент БАӘ Президентіне қолдау хатын жолдады

100

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Президент БАӘ Президентіне қолдау хатын жолдады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға хат жолдады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет басшысы хатында Таяу Шығыстағы қазіргі күрделі ахуал кезінде Біріккен Араб Әмірліктеріне қолдауы мен тілектестігін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның тегеурінді, парасатты әрі көреген басшылығымен БАӘ қауіп-қатерді еңсеріп, қарқынды стратегиялық даму бағдарын жалғастыратынына сенім білдірді.

Қазақстан Президенті дипломатия және сындарлы диалог ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізудің ең сенімді құралы екенін тағы да атап өтті.

Мемлекет басшысының бұл хаты өзара сенімнің жоғары деңгейін, ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын және Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері халықтарының арасындағы шынайы бауырластық қарым-қатынасты растайтынын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу