Президент бағаны тұрақтандырудың жаңаша жолын табуды тапсырды

920

"Азаматтарымызға аса қажет азық-түлік бағасы орташа алғанда 10%-ға өсті", – деді ол Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бағаны тұрақтандырудың жаңаша жолын табуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинеті мен биліктің өңірлердегі бағалардың өсуін тежеу жөніндегі жұмысының сәтсіз аяқталғанына ерекше тоқталды.

"Бағалармен жұмыс жасауды тапсырдым. Өкінішке қарай, тиісті министрлер мен әкімдер бұл жұмысты атқара алмағанын атап айтамын. Мен біздің экономикамыздың жай-күйімен, сыртқы нарықтардағы бағаның құбылмалылығымен және тұтастай алғанда экономикамыздың осалдығымен байланысты объективті қиындықтар бар екенін түсінемін, бірақ жұмысты сапалы атқарып және ең бастысы, менің тапсырмамды орындау керек еді", – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"Азаматтарымызға аса қажет азық-түлік бағасы орташа алғанда 10%-ға өсті", – деді ол.

Сонымен қатар, Тоқаевтың айтуынша, үкімет нарықтағы бәсекелестікті дамыту мен халықтың табысын арттыру мәселесін шеше алмады. Оның пікірінше, өңірлік тұрақтандыру қорларында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің табиғи қорларын құрудың тиімсіз тәжірибесінен бас тартып, балама құралдарға көшу қажет.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу