Президент "Бәйтерек" ҰБХ" тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады

841

Клаус Мангольд Мемлекет басшысына жыл соңында Германияда қазақ-неміс кәсіпкерлерінің қатысуымен ірі бизнес-форум ұйымдастыру туралы жоспарын айтты.

Президент "Бәйтерек" ҰБХ" тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Еуропадағы экономикалық қатынастар жөніндегі неміс комитетінің бұрынғы төрағасы, "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Сондай-ақ, әлем экономикасының дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы неміс бизнесінің өкілдерімен өзара ықпалдастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Клаус Мангольд Мемлекет басшысына жыл соңында Германияда қазақ-неміс кәсіпкерлерінің қатысуымен ірі бизнес-форум ұйымдастыру туралы жоспарын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу