Мемлекет басшысы "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бақтықожа Ізмұхамбетов "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің 2022 жылы атқарған жұмыстары мен биылға арналған жоспарын баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалардың жүзеге асуына "Ардагерлер ұйымы" да атсалысып жатқаны туралы айтылды.
Сонымен қатар республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы елдің әлеуметтік-экономикалық бағытына қатысты бірқатар ұсыныс берді.