Президент Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

707

Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Президент Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Қазақстан Президенті қала инфрақұрылымының сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті, көлік жүйесін, медицина және білім салаларын дамыту, сондай-ақ, "халықтың үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру аса маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкіміне алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және шаһарда қордаланған өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу