Президент балабақшалардағы балаларды ұрып-соғу дерегі туралы айтты

675

Жекеменшік балабақшалардың қызметі ашық емес. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Президент балабақшалардағы балаларды ұрып-соғу дерегі туралы айтты

"Тағы бір түйткілге тоқталсам. Жекеменшік балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректері бар. Сонымен қатар жұмыс істемейтін балабақшаларға қаржы бөлу көбейіп кетті. Мұның бәрі олардың қызметі ашық емес екенін, азаматтық жауапкершілігі жоқтығын көрсетеді. Басқаша айтқанда, қоғам талабына сай емес", – деді ол.

Оның айтуынша, қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді. 

"Үкімет осы мәселені мұқият қарастыруы керек. Лицензиялау тәртібін қайта енгізу, ең алдымен, мемлекетке емес, қоғамға қажет шара. Өйткені басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", – деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу