Президент барлық несиенің 90%-ын кешіру туралы Жарлыққа қол қойды – фейк

3787

Ол мұндай Жарлыққа қол қоймаған. 

Президент барлық несиенің 90%-ын кешіру туралы Жарлыққа қол қойды – фейк

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі барлық тұтынушылық кредиттің 90%-ын кешіру туралы Жарлыққа қол қойды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Интернетте Президент халыққа берілген барлық тұтынушылық несиенің 90%-ын кешіру туралы Жарлыққа қол қойылды деген видео тарап жатыр. Негізі бұл олай емес.

Шын мәнінде Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай Жарлыққа қол қоймаған.

Сонымен қатар видеода Мемлекет басшысының Жарлығы туралы емес, қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев түсіндірген жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы жайлы айтылады. Заң жобасы тұтынушылық кредиттің 90%-ын кешіруді көздемейді. Ол халықтың төлем қабілетін қалпына келтіруге және адал несие алушыларға көмектесуге бағытталған.

Заң жобасында тұрақты табыс болған жағдайда, сотта қарызды 5 жыл бойы бөліп төлеу мүмкіндігін беру
қарастырылған. 

Демек видео тақырыбы кликбейт болып саналады. Мұндай тақырып пайдаланушылардың назарын өзіне аударту үшін жасалады. Мұндай тақырыптағы ақпарат көп жағдайда әдейі бұрмаланады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу