Президент барлық ойын-сауық шараларын тоқтатуға тапсырма берді

944

Мемлекет басшысы Алматы әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағының апатына байланысты шұғыл кеңес өтті.  

Президент барлық ойын-сауық шараларын тоқтатуға тапсырма берді

28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған Президент еліміздегі мемлекеттік туларды төмен түсіруге және барлық ойын-сауық шараларын тоқтатуға тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы кеңес барысында:

–  Ұшақ апатына соқтырған себептерді сапалы әрі объективті түрде тексеруге;

– "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамын білікті мамандармен қамту жұмыстарын толық аяқтау шараларын қабылдауға;

– Қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін барлық әуе компанияларының жұмыстары мен авиациялық инфрақұрылым нысандарын тексеруге тапсырма берді.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қозғалған қылмыстық іс аясында ұшақ апатына соқтырған себептерді анықтау, кінәлілерді заңға сәйкес жауапкершілікке тарту, сондай-ақ, Алматы әуежайының аумағына жақын орналасқан жеке құрылыстардың заңдылығын зерттеу жөнінде шара қабылдауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу