Президент Бас прокуратураға бір ай мерзім берді

642

Бизнеске заңсыз килігу бәсеңдемей тұр.

Президент Бас прокуратураға бір ай мерзім берді

Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рейдерліктің азаймай тұрғанына алаңдаулы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде ол нақты сандар келтірді.

"Экономикалық проблемалар бедерінде кәсіпкерлікті қолдаудың маңызы артады. Кейінгі бес жылда заңды кәсіпкерлікке кедергі келтіргені үшін 11 тұлға, рейдерлік ісі бойынша 7 тұлға сотталды. Осы сандардан бизнесті қорғаудың құқықтық тетіктері кешеуілдеп жатқаны көрініп тұр. Оның үстіне былтырғы Жолдауымда заңды бизнеске кедергі келтіру ауыр мемлекеттік қылмыс екенін айтқан болатынмын. Барлық құқық қорғау органдары, оның ішінде Бас прокуратура да осыны есте ұстағаны жөн", – деген Мемлекет басшысы құзырлы органға нақты тапсырма жүктеді. 

"Үкіметке Бас прокуратурамен бірге бір ай ішінде аталған мәселелердің барлығы бойынша нақты ұсыныстарды бекітуге енгізу тапсырылды. Жекелеген жағымды тенденциялар да жоқ емес. Біз енгізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу институты алғашқы жемісін беріп жатыр. 510 бизнес-жоба бойынша тек алғашқы жартыжылдықта 114 заңсыз килігу дерегі әшкереленді. Бұл жұмысты жалғастыру қажет. 

Бас прокуратура кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға негізсіз тарту деректерінің жолын дер кезінде кесіп отыруы керек. Кәсіпкерлер, инвесторлар мемлекеттің жемқорлық қысымнан қорғайтын қуатты қолдауы барын сезіне алғаны керек", – деді Президент.  

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу