Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

515

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  

Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Президентке Агенттік қызметінің негізгі бағыттары мен бәсекелестікті дамыту механизмдерін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді. Марат Омаров Мемлекет басшысына Агенттіктің негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдар мен оларды жою бағытында қабылдап жатқан шаралары туралы баяндады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа монополияға қарсы жүргізілген тергеу жұмыстарының аралық нәтижелері, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметін жақсартуға, оның ішінде корпоративтік басқару элементтерін енгізуге, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты қабылданған операциялық шаралар туралы мәлімет берілді. Биыл 118 іс бойынша тергеу амалдары аяқталды, 95 іс әлі қаралып жатыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомствоның жүргізіп жатқан тергеу амалдарына, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғау және дамыту тәсілдеріне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу