Президент басқа амал жоқ екенін айтты

1490

"Астана LRT" экономикалық тұрғыда түсініксіз және өте даулы жоба.

Президент басқа амал жоқ екенін айтты Фото: sputniknews.kz

"Үкімет пен әкімдік "Астана LRT" құрылысын ары қарай жалғастыру туралы шешім қабылдады. Маған баяндағандай, басқа амал жоқ, мәселе тым тереңдеп кеткен. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне тергеу ісін жеделдетуді тапсырамын. Біреулердің шетелге қашып кеткенін айтып, қол қусырып отыруға болмайды. Олар жоспарлы түрде қашып кетті. Өзгелерді, оның ішінде шешім қабылдаған әкімдіктің басшыларын назардан тыс қалдырмау керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент шешімді әкімдік қабылдағанын алға тартты. 

"Тереңірек тексеріңіздер, бұл – экономикалық тұрғыда түсініксіз және өте даулы жоба", – деді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, "Астана LRT" жобасы әу бастан мақсатқа сай болмаған.

"Астана LRT"  ұзақтығы 22,5 шақырымды құрайды, 18 станса жоспарланған. Тыңдаңыздаршы, сіздер марафон жарысында 22 шақырымнан да көп жүгіресіздер. 18 станса, демек жолдың бір бөлігі бір шақырымнан сәл ғана асады. Біз жаяу одан да көп жүреміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Мұндай жобаны жүзеге асыруға рұқсат қалай берілгенін мүлдем түсінбеймін. Үкімет пен әкімдікке "Астана LRT"  жобасының бірінші кезеңін аяқтаудың нақты мерзімін, екінші кезеңін аяқтаудың кестесі мен тетіктерін анықтауды тапсырамын. Амал жоқ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу