"Бұл мәселені шешпей облыстың қарыштап дамуы мүмкін емес. Өңір электр энергиясымен сапалы және толық көлемде қамтамасыз етілуге тиіс", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы әзірге бұл бағытта проблемалар бар екенін мойындады.
"Энергетикалық желілердегі апаттық жағдайлар Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысының тоқтап қалуына әкелді. Өз кезегінде бұл жанар-жағармай нарығындағы жағдайдың нашарлауына әсер етті", - деп атап өтті ол.
Президент өзінің тапсырмасы бойынша еліміздің батыс облыстары арасындағы транзиттік байланыстарды күшейту және оларды Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесімен біріктіру схемасы әзірленіп жатқанын атап өтті.