Президент Бейбіт Атамқұловты қабылдады

546

Кездесу қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.  

Президент Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына "Нұрлы жер", "Нұрлы жол" және Индустрияландыру бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды.

Кездесу барысында тұрғын үй құрылысына, соның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды, жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлік саласын дамыту, автомобиль жолдарын қайта жөндеу және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу