Президент: Бейбіт жиын өткізу үшін алдын ала хабарлау керек

1029

Президенттің айтуынша, кейбір көпбалалы ана жиналыстарды заңды талаптарды елемей ұйымдастырады.

Президент: Бейбіт жиын өткізу үшін алдын ала хабарлау керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бейбіт жиналыстар өткізу туралы талаптардың бұзылуына жол беруге болмайды деп санайды. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Біз "Бейбіт жиналыстар туралы" өте жақсы Заң қабылдадық. Кім не айтса да, бұл демократияны дамытудағы маңызды қадам. Бейбіт жиындарға, демонстрацияларға ешкім кедергі келтірмейді. Онда бәрі жазылған. Тіпті ресми рұқсаттарды алудың қажеті жоқ. Бұл жиналыстар, бұл демонстрацияларды алдын ала хабарлау арқылы өткізуге болады. Бірақ кейбір азаматтарымыз бұл талапты бұзуға болады деп санайды", – деді Тоқаев.

"Мен мұндай әрекеттерге құқықтық баға берілетінін ескертемін. Бас прокуратураның міндеті осы заңды азаматтарымызға түсіндіруді жалғастыру, ал барлық құқық қорғау органдарының міндеті – біздің заңнамаға сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтау", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, кейбір көпбалалы ана жиналыстарды заңды талаптарды елемей ұйымдастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу