Президент бейбіт жиындарға байланысты пікір білдірді

991

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бейбіт жиындар өткізу туралы заң жобасын қоғамның талқысына ұсынған еді.  

Президент бейбіт жиындарға байланысты пікір білдірді

Бейбіт жиындар туралы заңда жиын өткізу туралы алдын ала ескерту қағидаты болуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter парақшасында жазды.

"Бейбіт жиындар туралы заңда жиын өткізу туралы алдын ала ескерту қағидаты болуы тиіс. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылар жиынға қатысатын азаматтардың саны жөнінде билікті хабардар етуге міндетті. Бейбіт жиындар арнайы белгіленген жерлерде өтуі тиіс. Конституцияға қайшы келетін ұрандарға жол берілмейді", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу