Президент белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты

2484

Мемлекет басшысы белгілі ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Серікзат Дүйсенғазыға ұлы Әлиханның мезгілсіз дүниеден өтуіне орай көңіл айту жеделхатын жолдады.  

Президент белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты Фото: akorda.kz

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшыы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Отбасыңызға зор ауыртпашылық әкелген қаралы хабар бәрімізге ауыр тиді. Ұлыңыз Әлиханның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.

Ата-ана үшін перзентін жоғалтудан асқан қасірет жоқ. Мұндай өзекті өртейтін жағдайда сабыр сақтап, бекем болыңыз.

Ұлыңыздың жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Шаңырағыңызға тек жақсылық тілеймін!", - делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу