Президент белгілі автожолдарды тиімді қаржыға уақытылы әрі сапалы жөндеп бітіруді тапсырды

617

Президенттің төрағалығымен еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өтті.

Президент белгілі автожолдарды тиімді қаржыға уақытылы әрі сапалы жөндеп бітіруді тапсырды

Кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев автожол инфрақұрылымын дамыту мәселесіне тоқталды. Ең алдымен, құрылысы басталған магистралды бағыттардағы (Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат, Атырау – Астрахань, Алматы – Қарағанды және Талдықорған – Өскемен) қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау қажет екені айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Президент бюджет қаражатын "тиімді" пайдалану керегін де естен шығармады және отандық компанияларды кеңінен тарту қажет екеніне назар аударды.

"Жобаларды жүзеге асыру барысында бюджетті барынша тиімді пайдалану және отандық өнімдердің көлемін арттыру басты қағидат болуы керек", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу