Президент белгілі ғалыммен археология ғылымының қазіргі жайы туралы әңгімелесті

1516

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев археолог Зейнолла Самашевты қабылдады.

Президент белгілі ғалыммен археология ғылымының қазіргі жайы туралы әңгімелесті

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан ғылымының кейбір мәселелері, соның ішінде соңғы жылдары ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар, археологиялық зерттеулер, мамандар даярлау жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар, Зейнолла Самашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шығыс Қазақстан облысындағы сақ дәуірінің алғашқы кезеңіне жататын қоныстардағы қазба жұмыстары, Берел қорғанындағы археологиялық зерттеулердің қорытындысы және шетелдік ғалымдармен әріптестік туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы тарихи зерттеулердің маңыздылығына тоқталып, соңғы жылдары отандық археология саласында белгілі болған тың деректерді Қазақстанның ежелгі, ортағасырдағы тарихының жылнамасына енгізу қажеттілігін атап өтті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу